$ 482.33
 557.57
 5.74

«Өз жолыңмен жүр»: Кенжебек Жанәбіловтің жары сіңлісіне ашық кеңесін айтты

Редактор
26.03.2026, 16:06
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Желі қолданушылары бұл тілекті жылы қабылдап, жас жұбайларға бақыт тілеуде. 

Белгілі әнші Кенжебек Жанәбіловтің жары той барысында өз сіңлісіне, әрі Жанболат пен Жазираның келініне ақ тілегін арнап, өмірлік кеңесін бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, өнер жолы адамды шыңдап, түрлі сынақтардан өтуді талап етеді.

«Өнер ортасы мені тәрбиеледі. Отбасында ерке болып өстім, бірақ сахна мені шынықтырды. Сондықтан кейде көрмегендей, естімегендей бола білу керек. Барлығын жеңу үшін артық сөзге мән бермей, елемей өткен дұрыс», – деді ол.

Сондай-ақ әншінің жары өзіне қатысты түрлі пікірлердің айтылатынын жасырмай, оған мән бермейтінін жеткізді.

«Мені әртүрлі айтып жатады. Бірақ мен ешкімнің сөзіне құлақ аспаймын. Саған да айтарым – ешкімді тыңдама, ренжіме. Барлығына күліп қара. Өз жолыңмен жүр. Ең бастысы – екеуіңнің махаббаттарың бәрін жеңеді», – деп түйіндеді ол.