$ 464.53
 543.73
 6.15

Өскеменде жойқын жарылыс болды

Редактор
05.05.2026, 10:36
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ведомство мәліметінше, өрттің жалпы ауданы анықталады.

Қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар ғимарат конструкцияларын бөлшектеп, өрт ошақтарына су құйып жатыр.

Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттің жалпы ауданы анықталады. ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.