Қоғам

Оралда жалған турагент 25 млн теңгеге алаяқтық жасаған

10:17, 16 маусым 2025 18

Оралда туристік қызмет көрсету желеуімен бірнеше адамды алдаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қала тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызмет ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған.

Алаяқтың құрбаны 15-тен астам адам болды, залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан, – делінген хабарламада.

Орал қалалық сотының үкімімен алаяқ екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз