Қоғам

Оқушылар жаппай уланған: Маңғыстауда мектеп асханасына жауапты кәсіпкер сотталды

17:14, 29 сәуір 2025 26

Маңғыстау облысындағы оқушылар жаппай астан уланған мектеп асханасының меңгерушісі сотталды. Сот үкімімен Дәметкен Шәкенова бір жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге өтеу деп белгіленсін. Сотталған Шәкеноваға қолданылған бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және тиісті қолхат жойылсын. Дереу сот залынан қамауға алынсын. Жаза өтеу мерзімі 29 сәуір, 2025 жылдан бастап үкім заңды үшіне енгенге дейін күзетпе ұстауда болған 1 күні қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жаза өтеуге 2 күн есебінен жаза мерзімімен қоса есептелсін, - делінген сот үкімінде.

Сондай-ақ оған үш жылға дейін қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіппен айналысуға тыйым салынды. Дәметкен Шәкенова Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылындағы мектептің асханасын тамақпен қамтамасыз етіп келген.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Маңғыстау облысындағ,ы мектептердің бірінде 500-ге тарта оқушы жаппай астан уланған еді. Бастауыш сыныптың оқушылары мектеп асханасынан тамақтанып, үйлеріне барған соң барлығының бірдей қызулары көтеріліп, жүректері айныған. Уланған балалардың ата-аналары жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. Кейін 83 бала жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, 2 бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз