$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Open.AI зерттеуі бойынша – қазақ тілі жасанды интеллект жүйесіндегі қолданыс аясы кеңейіп жатқан тілдердің бірі

Редактор
10.11.2026, 12:42
ақорда
ақорда
Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында қазақ тілінің болашағына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді. Президент мемлекеттік тілдің жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент өткен ғасырларда саяси қысымға қарамастан қазақ тілінің сақталып, дамуына әдебиетшілер, журналистер, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым азаматтар зор үлес қосқанын айтты.

«Өткен замандарда саяси қысым болған кезде ана тіліміз әдебиетшілер мен тіл мамандарының, журналистеріміздің, зиялы қауым мен қарапайым азаматтардың арқасында аман қалды да, өзінің дамуын тоқтатқан жоқ. Бұл – тіпті, қазақ тілінің өміршеңдігі бірегей деген сөз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда қазақ тілінің болашағына алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік тіл заманауи технологиялармен қатар дамып, халықаралық компаниялардың да назарын аударып отыр.

«Қазіргі таңда тіліміздің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп анық айтуға болады. Бүгінде қазақ тілі озық технологиялар саласына кең ауқымда еніп, заман талабына сай дамып келе жатыр», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысына қатысты бірнеше дерек келтірді. Атап айтқанда, оның сөзінше, OpenAI компаниясының зерттеуіне сәйкес, қазақ тілі соңғы үш жылда жасанды интеллект жүйелерінде қолданылу аясы қарқынды кеңейіп жатқан тілдердің қатарына енген. Сонымен қатар Yandex компаниясының мәліметінше, оның өнімдерінің бірін қазақ тілінде пайдаланушылар саны былтырдан бері 30 пайызға артқан. Президент Google компаниясының да өткен жылы қазақ тілін Gemini жасанды интеллект моделіне енгізгенін атап өтті. Тоқаев мұндай жетістіктерді қазақ тілін ғылым мен технология тілі ретінде дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі деп бағалады.

«Алтын шыққан жерді белден қаз» деген. Сондықтан біз осы бағытта басталған өте қажетті әрі маңызды жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беруіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау