$ 445.65
 508.71
 5.3

Онлайн сауда қызып тұр: қазақстандықтардың тапсырысы екі есеге жуық артты

Редактор
24.09.2026, 13:34
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Қазақстандықтар маркетплейстерде 291 млн-нан астам тапсырыс жасаған

Қазақстанда онлайн сауда қарқынды өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар маркетплейстер арқылы 291 млн-нан астам тапсырыс рәсімдеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 90,9%-ға көп, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Finprom.kz деректеріне сүйеніп.

Елдегі бөлшек электрондық сауда нарығының көлемі 3,8 трлн теңгеге жетіп, жалпы бөлшек сауданың 14,3%-ын құрады. Оның басым бөлігі маркетплейстерге тиесілі. Цифрлық платформалар арқылы жасалған сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.

Қазақстандықтар маркетплейстерден көбіне телефондар мен гаджеттерді, киім-кешек пен аяқкиімді, үйге арналған тауарларды, тұрмыстық техниканы және азық-түлікті сатып алған.

Сарапшылардың пікірінше, маркетплейстер қарапайым онлайн дүкеннен шағын және орта бизнестің жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік беретін маңызды сауда алаңына айналып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау