Қоғам

Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер сотталуы мүмкін

15:41, 07 қазан 2025 30

Қаржы мониторингі агенттігі онлайн-казино жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамалап жүрген блогерлердің әрекетіне назар аудару қажет. Сондай-ақ ол агенттік осындай жарнама жасаған 37 адамды анықтағанын, олардың 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартқанын айтты.

Қазіргі жағдайда онлайн-казино жарнамасына тікелей жауапкершіліктің болмауы мәселені ушықтырып отыр. Қолданыстағы әкімшілік айыппұлдар да (ӘҚБтК-нің 455-бабы, 1-бөлігі — заңмен тыйым салынған қызметті жарнамалау) алынған табыс көлемімен салыстырғанда өте төмен, - деп атап өтті агенттік өкілі.

Сонымен қатар ол онлайн-ойындарды жарнамалағандарды қаржы пирамидаларымен бірдей қылмыстық жауапкершілікке жүктеу қажет деп есептейді.

Мысалы, жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері — 60 айлық есептік көрсеткіш, жеке кәсіпкерлер үшін — 300 АЕК. Осыған байланысты біз онлайн-казино жарнамасы үшін қаржы пирамидаларына ұқсас қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз. Онлайн-казино жарнамасы ойынға тәуелділіктің басты себептерінің біріне айналып отырғанын ескере отырып, бұл бастаманы қолдауды сұраймын, — деді Қайрат Бижанов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз