Блогер Араш Гасанов лифтке "өлік" кіргізіп, пранк жасап, сынға қалды деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Желіде жариялаған видеосында алдымен лифт ішінде жалғыз жас жігіт тұрады. Блогер мен оның достары лифт ішіне өлген адамның рөліндегі "актерді" кіргізіп тастап кетеді де, жарықты өшіріп тастайды. Артынша "өлік" тіріліп кетіп, онсызда үрейленіп тұрған жігіттің зәресін алады.
Блогер мұның пранк екенін айтып, жігітке стоматологияның 30 мыңдық сертификатын ұсынды. Осылайша Араш Гасанов тіс емханасының жарнамасын жасаған.
Бұл қойылым ғана, бәрі ойластырылған, қайталауға болмайды, – деп жазды ол видеоныңа астына.
Желі қолданушылары блогерді сынға алып, жас баланың жүрегі жарылып кетуі мүмкін екенін жарыса жазды.