$ 450.91
 522.69
 5.33

«Өкініп отыр»: Серікзат Дүйсенғазы Мақсат Ақановтың даулы әрекетіне қатысты пікір білдірді

Редактор
14.09.2026, 08:28
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Ақын Мақсат Ақановты алғаш айтыс сахнасына шыққан кезінен бері білетінін атап өтті

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы айтыскер Мақсат Ақановқа қатысты әлеуметтік желіде тараған жағдайға пікір білдірді. Ол ақынмен телефон арқылы сөйлескенін айтып, әріптесінің болған оқиғаға өкініп отырғанын жеткізді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Серікзат Дүйсенғазының сөзінше, Мақсат Ақанов өзінің әрекетін түсініп, қателігін мойындаған.

«Жаңа Мақсат Ақанов бауырыммен телефон арқылы сөйлестім. Өзінің кешегі ісіне өкініп отырғаны байқалды. Қателікті мойындай білу де ер азаматтың бір жақсы қасиеті ғой. Әйтпесе, "онда тұрған не бар" деп қасарысатындар да табылады», – деп жазды ол.

Ақын Мақсат Ақановты алғаш айтыс сахнасына шыққан кезінен бері білетінін атап өтті. Оның айтуынша, Ақанов – айтыс өнеріне тән қасиеттерді бойына жинаған сирек таланттардың бірі. Сонымен қатар Дүйсенғазы әріптесінің азаматтық қасиетіне де бірнеше рет куә болғанын жазды.

Серікзат Дүйсенғазы желіде талқыланып жатқан оқиғаның Айтыс ақындары одағы ұйымдастырған ресми додада емес, жеке кәсіпкердің туған ауылында өткізген айтысында болғанын нақтылады.

Ол жиырма жылдан астам уақыт сахнада қатар жүрген әріптесінің қателігіне байланысты үнсіз қалуды жөн көрмегенін айтып, өнерсүйер қауымды кешіріммен қарауға шақырды.

«"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ" болмайды. Оның кемшілігін аға ретінде біз тезге салармыз. Өзі де кез келген сынды мойнымен көтере алатын жігіт қой. Енді қайталанбайды деп сенемін. Бір ашуларыңызды бізге беріңіздер, мәртебелі өнерсүйер қауым!» – деді Серікзат Дүйсенғазы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау