Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге түсініктеме берді, деп жазады bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, ұлының жеке өміріне қатысты жарияланған деректер шындыққа сәйкес келмейді.
«Қазіргі заманның шөбі жел тұрмай-ақ қимылдай береді. «Ар» мен «ұят», «обал» деген ұғымдарды аяқасты еткен, бетімен кеткен қоғамда ақша тауып, қаралым жинау үшін ойдан құрастырып, «жаңалық» жасайтын «журналистер» мен блогер көп. Қай тақырыпта да көп аса сене бермеген жөн. Ере бермеген жөн», – деп жазды Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек жайлы қауесет тараған болатын.