Әлеуметтік желіде танымал дінтанушы, ұстаз Нұрсұлтан Рысмағамбетов қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды baraqmedia.Kz.
«Батыр имам Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы кеше, 30 тамызда кешкі сағат 23-30-да қайтыс болды деп хабарлайды Жарқын Мырзатай өзінің тикток парақшасына салған видеосында. Ажалына көлік апаты кезінде алған жарақаты асқыну себеп болған. Марқұмның жаназасы ертең туған жері Арал ауданы сағат 14-35-те орталық зиратқа жерленеді», — делінген желіде тараған жазбада.
Айта кетейік, 25 шілдеде Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол апатына ұшыраған болатын.