Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек (Айтым) Амангелдімен байланысын не себепті үзгенін түсіндірді, деп жазады bairaqmedia.kz.
«Айтым бұл іске ешқандай сырт адамдарды, адвокаттарды қостырмады. Тек өзінің командасымен жүрді. Мейірман аға (адвокаты - Мейірман Шекеев) бар, Камиша ханым, туыс адвокат ағайынымыз бар, бәріне "жоқ" деді. Мен Айтыммен ғана байланысты үздім, адвокаттардан заңды түрде бас тартқан жоқпын, олар өздері бас тартып, іс сонымен тоқтады. Ал Айтбек Амангелдінің көмегінен не себепті бас тартқанына тоқталсам, марқұм бауырым Нұрқанат қайтыс болған кез. Бір қайғыдан екінші қайғыға ұшырап жаттық. Ең бірінші қарсы болғанымыз, бүкіл халыққа "Нұрқанатты асылып өліп қалды" деді. Туыстар арасында ол тергеуші де, заңгер де емес, халыққа неліктен олай айтты деген ойдан басталды бәрі. Халықты дүрліктірмес үшін солай айту керек болған шығар деп туыстарымды өзім тоқтаттым», - дейді ол.
Тағы оқыңыз: Талғар трагедиясынан сабақ алдық па - сарапшымен сұхбат
Қаржаубай Нұрымов Айтымға баласына қатысты істі тек өзімен ғана ақылдасуын, ешқандай туысымен байланыспауын сұрағанын, бірақ айтылған сөз орындалмағанын жеткізді.
«Өзі қалай ақталсын, мені жамандасын, оған ешқандай ренішім жоқ. Халық өзі бағасын береді. Оның сыртынан ғайбат айтқым келмейді», - деп Айтбек Амангелдіге қатысты ойын аяқтады.