$ 464.86
 544.03
 6.14

«Әнші, журналист, әзілкештер – лыпылдап депутат болмаңыздар» – Нұрсейіт Жылқышыбай

Редактор
28.04.2026, 09:29
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Нұрсейіт Жылқышыбайдың сөзінше, Парламент – сахна немесе студия емес, мемлекет тағдыры айқындалатын орын.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Парламентке әнші, блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің баруына қатысты пікір білдірді. Ол халық қалаулысы болуға ұмтылатын танымал тұлғаларға үндеу жасады, деп жазады bairaqmedia.kz.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында Парламент ел тағдыры шешілетін маңызды институт екенін атап өтті.

"Парламент тарайды, жаңа құрылтай құрылады дейді. "Бәрі жақсы болады" деген әңгімені ести беруден жалықпаймыз… Бір өтініш бар. Әнші, журналист, блогер, квншиктер – лыпылдап жүріп, партия атынан "халық қалаулысы" болуға ұмтылмасаңыздар екен", – деді ол.

Нұрсейіт Жылқышыбайдың сөзінше, Парламент – сахна немесе студия емес, мемлекет тағдыры айқындалатын орын.

"Бұл әдемі сөз сөйлейтін студия да, сахна да емес, бұл – мемлекет тағдыры айқындалатын орын", – деп жазды журналист.