Қоғам

Назарбаевтың Путинмен не үшін кездескені белгілі болды

12:00, 02 маусым 2025 40

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, Назарбаевтың Мәскеуге сапары жеке, бейресми сипатта өткен.

Оны Владимир Путинмен көпжылдық достық қарым-қатынас байланыстырады. Бұл байланыс мемлекеттік өкілеттіліктің бар-жоғына қарамастан сақталып келеді. Тұңғыш Президент бірқатар әлем көшбасшыларымен байланысын үзген емес — бұл байланыстар телефон арқылы сөйлесулер, жеке хат алмасулар мен жеке кездесулер түрінде жүзеге асады. Бұл тек Ресеймен ғана емес, сондай-ақ Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдермен қарым-қатынасқа қатысты. Мұндай өзара әрекеттестік халықаралық тәжірибеге сай және Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызмет жылдарында қалыптасқан жеке байланыстарының нәтижесі болып табылады, деп жазды Айдос Үкібай.

Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға шақыру алғанмен, объективті себептерге байланысты ресми салтанаттарға қатыса алмағанынжәне Мәскеуге кейінірек, жеке тәртіпте барғанын атап өтті.

 Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты түрде Қазақстанда тұрады. Оның елден кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп ерекше атап өтті Айдос Үкібай.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз