Қоғам

Назарбаев университетінде тағы бір студент көз жұмды

16:11, 19 тамыз 2025 36

Астанадағы Назарбаев университетінің жатақханасынан 22 жастағы студент қыз құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл фактіні қалалық полиция департаменті растады. Оқиға 15 тамыз күні орын алған. Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен жатақхананың 12-ші қабатынан секіріп, мерт болған.

«Астана қаласында тұратын 22 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, ол жатақхананың 12-ші қабатынан құлап кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Назарбаев университетіне қарасты жатақханалардың бірінде тағы бір студент қыздың мәйіті табылған болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз