Астанадағы әкімдік алдындағы алаңнан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суретті қойылған стендтер алынып тасталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұрын бұл жерде экс-президенттің әртүрлі жылдағы суреттері бар стендтер тұрған еді. Tengrinews.kz оқырманы жақында фотосуреттердің орнында жоқ екенін байқаған.
Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңында абаттандыру және елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру үшін жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған.
Жөндеу жұмыстары аясында плакаттары бар құрылымдар бөлшектеледі. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады, бұл аумақтың экологиясы мен эстетикасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жобада қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, көше жиһаздарын жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау көзделген, - деді әкімдік өкілі Tengrinews.kz сауалына.