Қоғам

«Нағыз өмірді көрсеткен». «Болған оқиға» фильмі үлкен экранға шықты

19:45, 16 қазан 2025 45

9 қазаннан бастап Қазақстандағы барлық кинотеатрда NE production түсірген комедия, драма жанрындағы «Болған оқиға» атты фильмі экранға шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Туынды идеясын фильм режиссері Нұрболхан Шарапов пен бас продюсер Елдос Қадірханов іске асырған.

«Болған оқиға» - шынайы өмірге негізделген әсерлі комедия-драма. Фильм отбасы, кешірім және адамдық қасиеттер туралы терең ой қозғайды. Көрерменді бірде күлдіріп, бірде жылататын оқиғалар арқылы өмірдің өз бейнесін көрсетеді.

Фильмде елімізге белгілі актерлар бой көрсетті.

Басты рөлдерде: Лейло Бекназар Ханинга, Ұлбосын Шалқарова, Бақытгүл Серiкбаева, Жанболат Найзабеков, Мерей Мұхтарұлы, Нұрсұлтан Үсенов. 

Қазақ киносы соңғы жылдары сапалы бағытқа бет бұрып келеді. ал «Болған оқиға» - соның жарқын мысалы.Барша көрермендерді отандық киноны қолдап, «Болған оқиға» фильмін кинотеатрларда тамашалауға шақырамыз,- деді фильм режиссері Нұрболхан Шарапов

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз