Қоғам

Мысыр әуежайында қазақстандық әйел қайтыс болды

14:03, 18 мамыр 2025 91

Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық үш әйелдің үстіне жарнамалық тақта құлап, бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне, кеше Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отырғызуды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлап кеткен. Осы қайғылы оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды.

Қаза тапқан азаматшаның туыстарымен байланыс орнатылды, консул оларға барлық қажетті мәселелер бойынша көмектесіп жатыр. Жарақат алған екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп жоқ. Мысыр тарабы Қазақстан азаматшасының қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтты. Мысырдың азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алып, оқиға орнына жедел түрде арнайы комиссия жіберді, — делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл істі ерекше бақылауға алды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз