Экономика

Мұнайдан тыс бюджет тапшылығы 11 трлн теңгеге жетті – сарапшы

17:32, 19 тамыз 2025 31

Ресми биыл бюджет тапшылығы 4.5 трлн теңге екені айтылады. Алайда, мұнайдан түскен кірісті есептемегенде жағдай әлдеқайда күрделі.

Бұл туралы «Бес тиын» подкастында макроталдаушы Аягөз Ханет айтты. 

«Жалпы тапшылық ЖІӨ-нің 2,7%-ын құрайды, бұл халықаралық тәжірибеде аса қауіпті көрсеткіш емес. Бірақ Қазақстан сияқты мұнайға тәуелді елдер үшін басты назар – мұнайдан тыс тапшылықта. Егер салықтан түскен 15 трлн теңгені ғана алсақ, тапшылық 11 трлн теңгеге жетеді. Бұл өте үлкен қауіп-қатер», – деді Аягөз Ханет.

Айта кетейік, 2025 жылы республикалық бюджеттің шығысы 25 трлн теңге болса, кірісі 21,4 трлн теңге деп белгіленген. Оның ішінде 15 трлн теңгесі салықтан, ал шамамен 5,7 трлн теңгені Ұлттық қордан алу көзделеді.

Подкасттың толық нұсқасын көріңіз. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз