Белгілі жазушы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы – Қуаныш Мұхтарұлы өмірден өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Суыт хабар! Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!» – деп жазды ол.
Халықтың сүйікті ақынының отбасына түскен бұл ауыр қайғы барша қазақтың қабырғасын қайыстырды.
Жаны жәннатта, рухы шат болсын. Алла туған-туыстарына сабыр берсін.