Қоғам

Мұхтар Мағауиннің қабіріне қазақтың топырағы мен жусаны жеткізілді

14:27, 22 қыркүйек 2025 28

АҚШ-та жерленген қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жері Көпбейіт-Босағадан әкелінген бір уыс топырақ салынып, саржалқы даланың жусаны қойылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде Сапарбек Нағашыбеков жазғандай, жазушының ұлы Едіге Мағауин әкесінің мәңгілік мекеніне туған жердің топырағы мен жусанын жеткізіп, дәстүрді орындаған.

«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп,  қазақтың "топырақ апару" дәстүрі жасалып, атамызға  құран бағышталды. Қабыл болсын.

Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген  топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді. Бұл шараға қазақтар мен біздің Вашингтондағы Kazakh American Association қатысты.

Бірнеше ай бұрын осы атамыздың АҚШ-тағы қабірінен топырақ алынып Қазақтандағы ата бабаларының қасына жеткізілген болатын.

Мұхтар Мағауин атамыз бүкіл өмірін қазаққа арнап 27 том кітаптар жазып, қазақтың тарихын түгендеп берді , болашақ ұрпақ үшін. Қазақтың тарихында осыншама кітап жазған жазушы болмаған. 

Уа Алла сен рахмансың, рахимсың, ғафурсың, кешіргенді жақсы көресің Мұхтар атамыздың күнәләрін кешіріп жанын жаннатық қылғай.  

Зираттан кейін Едіге ағамыздың үйіне барып атамызды еске алдық, құран оқылды. Үйінде атамыздың кабинеті, кітапханасы әлі сол күйінде  сақталған.

Біраз жақсы әңгімелер айтылды атамыз туралы. Бір ағамыз айтты, 2022 жылы Мұхтар  атамыз ауырып қалып, құдайдан жазып жатырған кітабымды бітіруге енді 3 жыл өмір берші деп сұрадым деп айтып еді , сөйтіп 2024 тің күзінде кітапты бітіріп, 2025 тің қаңтарында, 85 жасқа толуына 1 ай қалғанда, қайтыс болды атамыз деді.

2022 жылы июьнде АҚШ та кенже қызымның тұсауын Мұхтар атамыз кесіп, той жасағанбыз. Сол тойға атамызды үйінен алып келіп, апарып тастауға өзім барып көлікте 2 сағат текті атамыздың әңгімесін тыңдап келдім. 

Осы Вашингтонда біздің Ассоциация жасаған барлық  Наурыз, Бас қосу т.б. іс шараларға Мұхтар атамыз қатысып батасын беріп , жақсы әңгімелерін айтып отыратын.  Атамызды сағындық.

Мұхтар Мағауин атамыздың қабірін зират етеміз деген ағайын google карта мен осы жерге баруға болады 
 https://maps.app.goo.gl/yhD1QtKLZz1XyHZa9?g_st=aw», - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз