«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, ота жасататын болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Дәрігерлердің болжамынша, толық жазылуы үшін кемінде 40 күн қажет. Бұл мерзім ішінде ол командасының бірқатар маңызды ойындарын жіберіп алуы мүмкін.
Еске сала кетсек, «Ақтөбеге» қарсы кездесуде Анарбековтің төменгі жақ сүйегі сынып, сонымен қатар ақыл тісі мен мойын тұсы зақымданған еді. Егер уақытылы айығып үлгермесе, қақпашы Чемпиондар лигасында «Спортинг» пен «Реал Мадридке» қарсы өтетін тартысты матчтарға қатыса алмайды.