$ 487.17
 565.65
 6.72

Министрлік грант конкурсына құжат қабылдау тәртібін түсіндірді

Редактор
17.06.2026, 17:17
Фото: pexels.com
Фото: pexels.com
Құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант конкурсына құжат қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады.

"Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады", - дейді министрлік мамандары.

Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

жеке куәлік;

ҰБТ сертификаты;

3х4 көлеміндегі фото;

орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

Ал "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық қорытындысы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау