Министр изолятордан қашқан күдікті жөнінде: оны әдейі ешкім босатпады
Талғарда изолятордан күдіктінің қашуы оқиғасына қатысты қызметтік тексеріс жергізілді.
Талғарда изолятордан күдіктінің қашуы оқиғасына қатысты қызметтік тексеріс жергізілді. Оның аясында жауапты қызметкерлер жазаланды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Өкінішке қарай, бұл жағдай өз қызметіне дұрыс қарамағаннан болды. Күдіктіні әдейі ешкім босатып жібермеді. Бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс те болды. Басшылық құрам мен күзетке қарайтын адамдар жауапқа тартылды. Атап айтқанда, осы оқиғаға қатысты іс қозғалды», - деді Е. Сәденов.
25 қазанда Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталғаны мәлім болды.
Бұл тұрғыда изолятордан қашқан күдіктінің оқиғасы бойынша салғырттық бабымен іс қозғалды.