Әлем

Meta Дональд Трампқа 25 миллион доллар төлейтін болды

17:40, 30 қаңтар 2025 7

Meta компаниясы Дональд Трамппен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұғаттауға байланысты сот ісін реттеу үшін 25 миллион доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Meta компаниясы Дональд Трамппен әлеуметтік желілердегі аккаунттарының бұғатталуына байланысты сот ісін реттеу үшін 25 миллион доллар төлеуге келісті. Оның 22 миллионы президенттік кітапхана қорына, қалғаны сот шығындарына жұмсалады. Дегенмен, компания өз кінәсін ресми түрде мойындамай отыр.

Айта кетсек, Трамптың Facebook, Instagram, Twitter (X) және YouTube аккаунттары 2021 жылы Капитолий шабуылынан кейін бұғатталған болатын. Сол жылы ол әлеуметтік желілерді сотқа берген еді. Twitter-дегі аккаунты 2022 жылы, ал қалғандары 2023 жылы қалпына келтірілді.

Meta басшысы Марк Цукерберг Трамппен қарым-қатынасын жақсартуға тырысып, 2023 жылы Мар-а-Лагода кездескен. Осы кездесуде сот ісін реттеу туралы келіссөздер басталған.

Сондай-ақ, Meta бұған дейін Трамптың инаугурациясына 1 миллион доллар бөлген. Бұған қоса, компанияның фактілерді тексеру жүйесінен бас тартуы Трамп пен оның жақтастарының талаптарына сәйкес келді.

Трамп бұғаттаудан кейін 2022 жылы Truth Social әлеуметтік желісін іске қосты. Ол содан бері интернеттегі негізгі байланыс алаңына айналды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз