Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болды

Редактор
25.01.2025, 21:36
Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болды
ҚБФ президенті тиісті бұйрыққа қол қойды

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Абай облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.