Шоу-бизнес жаңалықтары

«Мені өлтіріп жатыр, деп айқайладым»: қазақстандық танымал әнші әйелін аяусыз соққыға жыққан

16:18, 04 шілде 2025 9

Жастар арасында кеңінен танымал Qurt (шын аты - Дамир Қойшыбаев) есімді рэпердің жұбайы Аружан Қойшыбаева, 4 шілдеге қараған түні Instagram желісінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz. 

Аружанның айтуынша, оқиға 2025 жылдың 27 маусымында таңғы уақытта болған. 

"Ол мені бір сағат бойы белбеумен сабады. Бір белбеу үзіліп қалған соң, екіншісін алып келді. Қашып құтыла алмадым. "Мені өлтіріп жатыр!" деп айқайлаған соң, көршілерім естіп, мені құтқарып қалды", — деп жазды ол.

Сау-тамтығы қалмаған әйел көршісінің көмекке жүгініп, артынша құзырлы органдарды шақырған. Қазір Аружан қарашадан адвокатқа қаражат жинау үстінде.

Аружанның сөзінше, кейін Qurt елден кетуге әрекеттеніп, оның бұрын сотталған досы қорқыту хабарламаларын жібере бастаған. Сол хабарламалардың бірінде:

"Сен мені арандатпа. Қолым ұзын, сені бәрібір табамын" — делінген.

Бұдан бөлек, Аружан күйеуі бірнеше адаммен келіп, оны ешқандай шағымы жоқ деген мазмұндағы видеожазба жасауға мәжбүрлемек болғанын айтты. Сонымен бірге, Qurt-тың анасы да арызын қайтарып алуға қысым көрсеткен.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, отандық өнер өкілдері де үн қоса бастады. Рэпер SayMo мен әнші Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Аружанға қолдау білдіріп, әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз