Аймақ

«Құрдасымен төбелескен»: Таразда Білім күні оқушы ажал құшты

13:05, 02 қыркүйек 2025 154

1 қыркүйекте Таразда құрдасымен төбелескен мектеп оқушысы қайтыс болды. Жамбыл облысының полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Тараздағы оқиға туралы Telegram-дағы Halyqstan арнасы жазды.

"1 қыркүйекте қаладағы шағын аудандардың бірінде полицейлер пышақ жарақатын алған 14 жастағы оқушының денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, соққы жүрек тұсынан болған", - делінген жазбада.

Сондай-ақ желіде адам өлтіру оқиғасы мен төбелес мектеп аумағында болмағаны және жасөспірімдердің бұрын бірімен-бірі таныс еместігі туралы ақпарат шықты. Жанжал тұрмыстық себептерден туындағаны хабарланды.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті түсінік берді. Ведомстводағылар аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз