Шавкат Рахмоновтың жұбайы әлеуметтік желіде жазба жариялап, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова жеке өміріндегі қиындықтар туралы айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Ол өз жазбасында ұзақ жылдар бойы қысым мен өсекке ұшырағанын жеткізген. Айтуынша, соңғы 10 жылдың 6 жылы ауыр жағдайда өткен.
Гүлайым Рахмонова сондай-ақ бұрынғы енесі тарапынан өзіне қатысты жағымсыз пікірлер айтылғанын алға тарды. Оның сөзінше, бұл жағдай отбасындағы қатынастың үзілуіне себеп болған.
Желі қолданушысы жазбасында ажырасуға алып келген оқиғаларға тоқталып, басынан өткен қиындықтарды ашық баяндаған. Сонымен қатар ол балаларына қатысты мәселеге де алаңдаушылық білдірді.
Жазба соңында Гүлайым Рахмонова қазақ екеніне мақтанатынын айтып, алдағы уақытта әлі де көп жайттың жария болатынын айтты.