$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

«Мен амандаспаймын»: Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен арақатынасы туралы айтты

Редактор
09.11.2026, 10:19
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Мұқасан Шахзадаевтың Нұрлан туралы сөзі жұрттың сынына қалды

«Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрланмен арақатынасы туралы айтты. Әншінің онымен амандаспайтынын ашық мойындауы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Өнер иесі «Жетінші арнаға» берген сұхбатында Нұрланмен бірнеше рет тойда кездескенін, алайда оның амандасуға созған қолын алмағанын жеткізді.

«Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы», – деді Мұқасан Шахзадаев.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Пікір қалдырған оқырмандардың бір бөлігі Мұқасанның әрекетін тәкаппарлыққа балап, амандасуға созылған қолды қайтармау дұрыс емес екенін жазды. «Мұқасан тәкаппар адам екені сөзінен бұрын түрінде тұр», «Адам жауымен де амандасады», «Еркектің әңгімесі ме енді осы», «Сенсіз де Нұрланның таңы атады, бірақ амандасуға созған қолды алу керек, кісілігің кімге керек», – деп жазды желі қолданушылары. Басқа оқырмандар да әншінің бұл әрекетін сынға алды.

«Өркөкірек, тәкаппар адам амандаспайды», «Нұрлан бірінші болып қол беруі оның жақсы адам екенін көрсетеді. Жетісіпсің алмасаң», «Мынаның есі дұрыс па», – делінген пікірлерде.

Айта кетейік, кезінде қазақ эстрадасында танымал болған «Нұр-Мұқасан» тобының мүшелері кейін шығармашылық жолдарын бөлек жалғастырған. Алайда бұрынғы әріптестердің арасындағы қарым-қатынас әлі де көпшіліктің назарында.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау