$ 447.85
 513.46
 5.31

«Мектептегі білімді елемеуге болмайды»: Жұмабек Жанықұлов жастарға кеңес берді

Редактор
23.09.2026, 19:39
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
Кәсіпкер Қазақстанның болашағы үшін мақсаты айқын, білімді әрі ой-өрісі кең жастар қажет екенін айтты

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жастарды мектептегі негізгі білімге жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, оқушылар математика, физика және химия секілді базалық пәндерді жақсы меңгеруі қажет. Кәсіпкер мектеп қабырғасында берілетін білімнің болашақтағы жетістікке жетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мектептегі білімді елемеуге болмайды» деген Жанықұлов жастарға білім алуға ерте жастан мән беруге кеңес берді. Оның пікірінше, мектепте қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру кейінгі кәсіби және жеке дамуға негіз болады.

Кәсіпкер Қазақстанның болашағы үшін мақсаты айқын, білімді әрі ой-өрісі кең жастар қажет екенін айтты. Бұл ретте ұстаздардың еңбегіне де ерекше тоқталды.

Жанықұловтың сөзінше, мұғалімдер оқушылардың болашағына негіз қалыптастырып, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты ол жастардың білім мен жетістікке бастар жолы мектептен басталатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау