Қоғам

«Мектеп асханасы жабылды»: ДСМ 12 оқушының улануына қатысты тексеруді бастады

12:41, 04 сәуір 2025 82

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының арасында тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылған.

Сондай-ақ, балалардың улануына байланысты Бейнеу аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілген.

Бейнеу аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.

Тергеу шеңберінде басқарма мамандары ҰСО Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктей және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға шығуды жүзеге асырды, сынамалардың нәтижелері жұмыста, – делінген министрлік хабарламасында.

Уланғандар амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі, іштің ауыруы, жағдайының қанағаттанарлық екені туралы шағымдаған.

Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін 460 бала зардап шеккен Мұнайлы ауданында балалардың жаппай улануына байланысты мектеп асханасын жалға алушыға қатысты қылмыстық іс аяқталып, материалдар сот органдарына берілген.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 11 оқушы бірдей диагнозбен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз