Қоғам

Математика пәні мұғалімі есірткі таратумен айналысқан

10:15, 22 мамыр 2025 41

ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы – бір келі, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз