Танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде қазақ тіліндегі діни тіркестердің қолданысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі өз жазбасында соңғы уақытта қоғамда жиі қолданылатын «МашАлла», «Әлхамдулилла» секілді сөздерге тоқталып, олардың қажеттілігіне күмән келтірген.
«Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулилла” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..» – деп жазды ол.
Айта кетейік, соңғы жылдары қоғамда тіл тазалығы мен діни сөздердің қолданысы жиі талқыланып келеді.