Қоғам

Маңғыстауда қызғалдақ даласында мереке ұйымдастырғандардың видеосы тарады

15:21, 28 сәуір 2025 21

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында қызғалдақ өскен далаға дастархан жайып, мереке ұйымдастырғандардың видеосы тарады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Видеода қызғалдақ өсіп тұрған алқапқа бірнеше үстел мен орындық қойылғаны көрініп тұр. Сондай-ақ, маңайда бірнеше көлік пен адамдар жүр. 

Желі қолданушыларының көбі қызғалдақ өскен далада дастархан жайғандардың бұл әрекетіне наразылық білдірді.

"Әшейінде қызғалдақ жұлса айыппұл салады. Аяқ астында қанша қызғалдақты  езіп тастаған екен", "Біздікілерге ішіп-жесе болды, табиғатттың жағдайы қызық емес" "Қызғалдақтарға обал жасады-ау", "Таптап тастады-ау", - деп жазды желі қолданушылары.

Енді бірі осы мереке ұйымдастырылған жердің мекен-жайын сұраған. "Қай жақта мынау, балаларымызбен барып жерде отырып шай ішіп қайтатын" деді Instagram қолданушыларының бірі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз