Биыл мамыр айында қазақстандықтарды төрт бірдей мереке күтіп тұр. Осыған байланысты бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.
Бес күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер үшін мамырда қосымша демалыс күндері қарастырылған. Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне байланысты демалады. Бұл мереке сенбіге түскендіктен, демалыс 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады. Сондай-ақ 27 мамырда Құрбан айттың бірінші күніне орай демалыс беріледі.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 1 мамырда демалып, 2 мамырда жұмыс істейді, 3 мамырда қайта демалады. 7 мамыр – демалыс күні.
Сонымен қатар 9 және 10 мамыр күндері демалып, 11 мамырда жұмысқа шығады. 27 мамырда Құрбан айтқа байланысты тағы бір күн демалыс беріледі.
Осылайша, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар 14 күн, ал алты күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер 9 күн демалады.