Қоғам

МӘМС: Жарна тоқтаса да, 6 айға дейін ем алуға мүмкіндік беріледі

14:48, 21 мамыр 2025 50

Медициналық ұйымдар МӘМС жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға міндетті болады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Түзетулермен жұмыс барысында депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарналарды үздіксіз төлеп келген тұлғалардың жарна төлеуді тоқтатқан сәттен бастап алты айға дейін медициналық көмек алу құқығын сақтауды ұсынды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялауға қатысты түзету енгізді.

Сондай-ақ қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару туралы норма қабылдады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз