Майк Тайсон өзінен 31 жас кіші қарсыласынан жеңіліп қалды
zaira
8
Майк Тайсон (50-6-0,44КО) бүгін шаршы алаңға қайта оралып, өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасып, жеңіліп қалды.
Майк Тайсон (50-6-0,44КО) бүгін шаршы алаңға қайта оралып, өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасты. Алғашқы раундта, 58 жасар Тайсон ширақ қимылдап, жақсы соққылар жасады. Алайда, екінші раундтан бастап жылдамдық пен күш жағынан өзінен әлдеқайда жас қарсыласынан жеңілді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Джейк Пол айқастың тізгінін өзі ұстап, Тайсонды нокаутқа жіберуге тырыспады., - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қортындысында, жекпе-жек 2 минуттан 8 раундтқа созылып, аңыз боксшы төрешілер шешімімен (79-73,79-73,80-72) жеңіліс тапты.
Айқас нәтижесі ресми тіркеліп, Тайсон кәсіпқой карерасында жетінше рет жеңілсе, Пол 11-рет жеңіске жетті.