Әлеуметтік желіде мәһрге 1 келі алтын сұраған арудың талабы көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Неке қию кезінде мұндай мәһр сұраған Әсел Ерімбетова есімді блогер болып шықты. Қалыңдық күйеуінің осынша алтынды алып бере алатынына сенімді екенін жасырмады. Сәйкесінше, күйеу жігіт қыздың талабын мақұлдап, қалауын алып беретініне уәдесін берген.
Алып бере алады. Ақша тауып жатыр ғой, қолынан келеді. Алып бере алатынына мен сенемін, - деді қалыңдық имамның сұрақтарына жауап беру кезінде.
Желі қолданушыларына қалыңдықтың бұл талабы ұнамай қалды. Яғни, оның шектен шыққанын айтып сынап жатыр.
Бауырым жар таңдаудан қателесіпсің, аман бол!, Қыздың құны алтынмен өлшенбейді, бірақ сұрағаны шектен тыс емес пе?!, Сезімің алтынмен өлшенеді ме?, Берекесіз әйел болады ғой» - деп жазды желі қолданушылары.