Қоғам

LRT станцияларына атауы беріледі

06:00, 18 тамыз 2025 25

2025 жылы 19 тамызда сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz. мәслихаттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

Астана қаласының жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру туралы.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 62/7-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.

Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз