$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.3

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Азия ойындарын айқын жеңіспен бастады

Редактор
24.09.2026, 13:16
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Төрехан Сабырхан Азия ойындарын сенімді жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз 1/8 финалда Катар өкілі Мұхаммед Дбичименкездесті. Төрехан алғашқы минуттардан-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, үш раунд бойы басымдығын сақтады. 

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін тіркеді — 5:0. Осылайша Төрехан Сабырхан Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан — 70 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы. Енді ол Азия ойындарының жүлдесі үшін күресін жалғастырады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау