Қоғам

«Күніне 10 энергетик іштім»: Алматыда 34 жастағы жігіт жүрегін ауыстыруға мәжбүр болды

15:29, 28 желтоқсан 2025 153

Алматы қалалық кардиология орталығында жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы науқас дертінен жазылып шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

34 жастағы ер адамға созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Күту кезегінде тұрған азаматқа қараша айында 50 жастағы инсульт алған әйел донор болған. Күрделі операция 5 сағат бойы жасалды. Трансплантацияны Алматы мен Астананың білікті дәрігерлері бірлесе жүргізген. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.

"Бәрі энергетикалық сусындардан басталды. Күніне бір-екіден бастап, жылдар бойы әр түрлі энергетиктерді күніне 10 бөтелкеге дейін ішетін деңгейге жеттім. Ауыр диагнозға тап болғанша мән бермедім. Ешкімге кеңес бермеймін. Ешкімге. Кардиологиялық медициналық орталық ұжымына алғысым шексіз. Мен өмір бойы бұл жақсылықтарыңызды ұмытпаймын", - дейді пациент.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз