Қар түскелі елімізде пеш жаққанда қарапайым қауіпсіздік ережесін елемеудің кесірінен 130-дан астам оқыс жағдай тіркелген.


Екі күннің бірінде өрт. Қар түскелі елімізде пеш жаққанда қарапайым қауіпсіздік ережесін елемеудің кесірінен 130-дан астам оқыс жағдай тіркеліпті. Арасында қызыл жалынмен арпалыс кезінде жан тәсілім еткендер де бар, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әттеген-ай жағдайдың басым бөлігінде ескі газ баллоны үйдің ішінде атылып кеткен.

Төтеншеліктер тексеріс кезінде мұндай баллондардың ішінде 50 жылдан астам қолданыста болғанын да анықтапты.

Уақыт өте келе, темірі шіріп, әбден жұқарғандықтан ішіндегі газ қысымын көтере алмаған.

Жалпы қарапайым жұрт көгілдір отын қорын жанар-жағармай құю бекеттерінде толықтыруды әдетке айналдырған.

Баллонның қанша жылдан бері қолданыста жүгеніне бас қатырып жатқаны шамалы.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бас-аяғы 348 мың газ баллонын жаңасына алмастыру керек деп отыр.