Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында тақияны мазақ еткен Асхат Ниязовты сынға алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Айта кетейік, журналист Асхат Ниязов YouTube-тегі әзілге арналған жобалардың бірінде журналист әзілкеш Руслан Тай жайлы сөз қозғаған.
Жоба барысында ол «Русланның қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған», - деп әзілдейді Асхат Ниязов.
«Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын приколға тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін.
Әкімдердің қыр соңынан қалмай сұхбат алып, репортаж жасайтын Асхат Ниязов деген журналистің не айтып отырғанын қараңыздар. Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр.
Ресейде туылып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң, “Обожаю” деп кімге немесе нені айтып жүрсің?», - деп жазды ол.