$ 464.86
 544.03
 6.14

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін және денелерін аулаға көмгенін мойындады

Редактор
10.03.2026, 09:00
Коллаж: orda.kz
Коллаж: orda.kz
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп жазды bairaqmedia.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, кеше Алматыға жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, денелерін бұрын жалдаған үйінің ауласына көмгенін айтқан.

Бұл ақпаратты алған тергеушілер көрсетілген жерде қайта іздеу жүргізіп, мәйіттерді тапты.

2025 жылдың қараша айында Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті. 2026 жылдың қаңтар айында отағасы мен оның әйелінің денесі өз үйіндегі сарайдан табылды, ал олардың ересек екі баласын іздеу жұмыстары осы күнге дейін жалғасты.

Ақпан айында отбасының күйеу баласы мен қызы Индонезияда ұсталды.