Белгілі кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін сыйлады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, Михаилдың тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.
«Бір кездері Станислав Александрович ұлының арманы үшін өз көлігін сатып, барын салған. Бұл оқиға маған өте жақын. Мен де сенген ісім үшін екі рет көлігімді саттым: қиын сәтте командамның жалақысын төлеу үшін және қаражат жетпегенде Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін», – деп жазды Арсен Томский.
Көлікті табыстау сәтінде Михаилдың әкесі эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.
«Әр чемпионның артында бір күні: “Мен саған сенемін” деген адам тұрады. Ұлы жеңістер әрқашан сенімнен басталады», – деді кәсіпкер.