Қоғам

«Көшеде түрлі қауіп төндіретін жігіттер жүреді»: Рүстем Жүгінісов тағы мәлімдеме жасады

13:12, 03 тамыз 2025 177

Кезінде көптеген белестерді бағындырған әнші болып танылып, қазір сахнадан кетіп, кәсіпкерлікке бет бұрған Рүстем Жүгінісов ел арасында қызу талқыға түскен пікірі үшін барша әйелдер қауымынан кешірім сұрады, хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол Theards желісіндегі парақшасында жазды.

«Қайырлы күн! Соңғы күндері тарап жатқан менің жазбаларыма байланысты түсініктеме бергім келеді. Бірінші сторисымда айтқанымдай, бұл жағдайда толықтай ер азаматтың жасағаны ҚАТЕ. Бұл-айқын. Дінімізде де «бір күндік неке» деген түсінік жоқ екенін нақты тағы айтқым келеді», — дейді Рүстем.

Ол желіде ойын дұрыс жеткізе алмағанын атап өтті. 

«Ойлана келе, сол сәттегі эмоцияның әсерімен кей сөздерімде қаттылыққа жол беріп, ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды түсіндім. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен қателік екенін мойындаймын. Біз зайырлы елде тұрамыз, әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімді белгілі бір көзқарасты ұстан деп мәжбүрлеу ойымда болған емес. Мен әр адамның шешімін сыйлаймын және құрметтеймін! Негізінде бұл мәселені қозғағанда, ең алдымен қауіпсіздік жағын ойлаған едім. Ия, мен де қыз бағып отырған әкемін. Мен де қыздарымды уайымдаймын. Кеш бата көшеде түрлі қауіп төндіретін ер азаматтар, яғни мас күйдегі адамдар, есірткі әсеріндегі немесе психикалық жағдайы тұрақсыз азаматтар кездесуі мүмкін. Мен тек сол қауіптерден қорғаштап, қарындастарымды уайымдағандықтан, эмоциямен айтып қойдым. Ия, жеткізу формасынан қателік кеткені рас. Бірақ, менің ниетім ешқашан ару жандарды кінәлау болмаған», — деп ақталды әнші.

Жүгінісов қыз-келіншектерді әрқашан қолдайтынын айтты. Себебі, олар біздің қоғамның негізі мен тірегі, деп білетін айтты.

«Зорлық-зомбылық, алдау, пайдаланушылық, мұның бәріне әйел емес, ер адамдардың кінәсі бар екені толықтай РАС! Сондықтан ең алдымен, өзгеріс те, жауапкершілік те ер азаматтардан басталуы қажет. Бұл жағдай мен үшін үлкен сабақ болды. Айтылған әр пікірді қабылдап жатырмын. Қарындастарым, әпкелерім сіздерді ренжітіп алсам, шын жүректен кешірім сұраймын!», — дейді басы дауға әнші.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз