$ 476.07
 541.86
 6.08

Көпқабатты үйден мұз лақтырылды: ана мен сәби зардап шекті

Редактор
28.07.2026, 09:17
Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Жас әйел ауруханаға жеткізілді. 

Павлодарда көпқабатты үйден лақтырылған мұз кесегі көшеде үш жасар қызын арбамен серуендетіп келе жатқан әйелдің басын жарып жіберді. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан мұз кесегінің жас әйелдің басына құлағаны көрінеді. Қатты соққыдан ол еңкейіп кетіп, қолындағы балалар арбасын жіберіп алады. Арба еңіспен төмен қарай сырғи жөнелгенімен, жарақат алған әйел өзін тез жинап, соңынан жүгіріп барып, арбаны ұстап үлгереді.

«Арбада үш жасар қызым отырған. Сол күні, 8 шілдеде, шамамен сағат 12:30-да қызыммен бірге дүкенге бара жатқанбыз. Тұрғын үйлердің жанынан өтіп бара жатқанда бесінші қабаттан мұз кесегін лақтырып жіберді. Ол басыма тиіп, қатты қан кетті», – дейді 25 жастағы павлодарлық әйел.

Жас әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған миының шайқалуы мен басының соғылып-жыртылған жарақатын диагностикалап, басына алты тігіс салған. Зардап шегушінің айтуынша, әлі күнге дейін басы ауырып, басы айналады, сондай-ақ көру қабілеті де нашарлаған.

Әйелдің сөзінше, оқиғадан кейін ауруханаға полиция қызметкері келген.

«Маған бірнеше сұрақ қойды да, кетіп қалды. Қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешкім айтқан жоқ. Күйеуім мен інім куәгерлерді өздері іздеді. Ауладағы балалар мұзды 12 жастағы қыз лақтырғанын айтты. Мен жедел жәрдемді күтіп подъезд алдында тұрғанымда, әлгі қыз жүгіріп келіп, жарамды жумақ болды. Мен оған маған тиіспеуін өтіндім. Ол мұзды екінші не үшінші қабаттан лақтырған сияқты деп айтты. Мүмкін, күдікті өзінен басқа жаққа аударғысы келген шығар», – деді зардап шеккен әйел.

Павлодар облысы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.