Астанадағы комиссионка дүкенінің иесі, әлеуметтік желіде киілген киім сатумен айналысатын Маржан Фазилова Abylaikhan Omirbay YouTube арнасына сұхбат берді. Ол дүкен ашудағы мақсаты, табысы мен хейтерлерге қатысты бар ойын ашып айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Негізі комиссионный магазинді 2023 жылы 25 мамыр айында құрдық. Жаймен-жаймен тиындап-тиындап кішкене ғана 24 квадраттан бастадым. 2022 жылы қызды ұзатқанмын ғой. Оның киімдері қалды, өзімдікі бар, баланікі бар. Үшеуміздікі қарап тұрсаң, әлемге сыймайтын киім екен бар ғой. Құр көтеріп жүре бересің ғой. Құрсын деп екеу-екеу алып қалып, қалғанын бәрін ұрғансың ғой комиссионкаға. Кейін реализацияға алып жүретін болдым. Реализацияда біраз қиналдым. Аренданы шығару қиын. Содан кейін ескі ЖД вокзал жаққа көштім, - деді ол.
Кәсіпкер Маржан Фазилова дүкеннің жарнамасын жасап бастаған сәтте қолдаушылармен қатар негатив пікір жазатын оқырмандардың да бар болғанын жасырмады.
Бірінші сол комментарияларды оқыған кезде жылап, жастықтарым шылқып жататын еді. Сонда балам анандай жерде жатады. Бір бөлмеде жатамыз ғой. Мам, неге жылай бересің дей де. Мен саған айттым ғой дейді. Тікелей эфир осындай болады. Комментарийде осындай деп айтады деп. Дайынмын деп айтып едің ғой дейді. Енді неге жылап жатырсың дейді. Ал қазіргі кезде мән бере бермеймін, - дейді ол.
Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған кәсіпкер комиссионка дүкенін неліктен сатылымға шығарғанын да бөлісті.
Оның айтуынша, оған емге қаражат керек.
Өйткені біраз денсаулығыма байланысты болып тұр. Арзан сата салайын дедім. Біраз өзім инсульт алған адаммын. Еле как аяққа тұрдым. Содан кейін біраз ауруханаға жатып емделйін дегенмін ғой. Болмайды бұлай жүре берсем, ертеңгі күні парс етіп түсіп кетсем, беті аулақ балаларыма кедергі болып қалмайын деп. Сатып, емделіп алайын. Маған комиссионка ашу ештеңе емес. Басқасын ашып кетемін, - деді Маржан Фазилова.