$ 444.58
 510.29
 5.27

Конституциялық соттың басшысы қайта тағайындалды

Редактор
18.09.2026, 11:17
gov.kz
gov.kz
Эльвира Әзімова бұл қызметке алғаш рет 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған болатын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президент тиісті жарлыққа қол қойған.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Эльвира Әзімова бұл қызметке алғаш рет 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған болатын.

Ол еңбек жолын Әділет министрлігінде бастаған. 1996–2013 жылдар аралығында министрлікте халықаралық құқық, заңнама және халықаралық шарттарды сараптау бағыттары бойынша түрлі қызмет атқарды.

2013 жылғы қазаннан 2019 жылғы қыркүйекке дейін Әділет министрінің орынбасары болды. Ал 2019 жылы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалып, бұл лауазымды 2022 жылдың соңына дейін атқарды.

Эльвира Әзімова «Құрмет», II дәрежелі «Достық», III және I дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Еске сала кетейік, Конституциялық сот – Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган. Оның құрамына төраға мен он судья кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау